Қоғам

Ақтөбеде оқушы қыз анасын өлтірді деген күдікке ілінді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақтөбеде оқушы қыз анасын өлтірді деген күдікке ілінді. Оның 19 жастағы досына да айып тағылып отыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі адам өлтірді деген күдікпен 19 жастағы жасөспірім мен 16 жастағы оқушы қыз уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады. Олар қыздың анасын өлтірді деген күдікке ілінген. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша соталды тергеу басталды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полицейлер соталды тергеп-тексеру деректерін жариялауға болмайтынын айтып, басқа мәлімет бермеді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61