Спорт

Қазақстан Сурдлимпиададан алғашқы алтын медальді жеңіп алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтіп жатқан Сурдлимпиада-2021 ойындарында алғашқы алтынды алды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде дзюдошы Еркебұлан Қанафин жеңіске жетті.

Моңғолия мен Франциядан келген қарсыластарын жеңген Қанафин финалда оңтүстік кореялық спортшыдан басым түсті.

Айта кетейік, есту қабілеті нашар спортшылар бақ сынайтын 24-ші Сурдлимпиада ойындары өткен жылы өтуі тиіс болған. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты 2022 жылға ауыстырылды.