Жеңіс күні: халыққа 5 млрд теңге біржолғы әлеуметтік көмек беріледі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Биыл Жеңіс күніне орай 5 млрд 400 млн теңгенің біржолғы әлеуметтік көмегі беріледі. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Руслан Сәкеев айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Ардагерлерге бір жолғы материалдық көмек көрсету дәстүрге айналды. Осыған сәйкес, Жеңіс күніне орай жергілікті атқарушы органдар тарапынан сомасы 5 млрд 400 млн теңге біржолғы көмек көрсету қаражаты қарастырылған», - деді вице-министр.

Бұл қаражат мына адамдарға біржолғы көмек ретінде берілмек:

- Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушылары мен мүгедектері – 381 адам;

- Қоршаудағы Ленинград тұрғындары – 92 адам;

- бұрынғы концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындары – 212 адам;

- Екінші дүниежүзілік соғыстың қайтыс болған мүгедектерінің әйелдері (күйеулері) – 3 221 адам;

- Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқандардың жесірлері – 6 адам;

- тыл еңбеккерлері - 74 116 адам;

- Екінші дүниежүзілік соғысытың қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген басқа тұлғалар – 20 111 адам.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61