Bugin

Утилизациялық алым 50 пайызға төмендеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі бұйрығымен утилизациялық алымды есептеу әдістемесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, енді Қазақстанда электр қозғалтқыштары бар көліктерге ешқандай төлем алынбайды. Ал қозғалтқыштың көлемі бойынша енді қазақстандықтар 50 пайыз төмен бағамен төмендегідей төлем төлейтін болады:

1 000 см3-дейін – 229 725 теңге;

1 001 см3-ден – 2 000 см3-ге дейін – 536 025 теңге;

2 001 см3-ден 3 000 см3-ге дейін – 765 750 теңге;

3 001 см3-ден жоғарылар — 1 761 225 теңге.

Ал жылдам өтетін көліктер, сонымен қатар тракторлар мен комбайндар, ауыл шаруашылығы техникалары үшін тарифтер 50 АЕК (153 150 теңге) болды.