Bugin

Лукашенко Путинге реніш білдірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Беларусь президенті Александр Лукашенко одақтасы Ресейге реніш білдірді. Украинаға бастаған "арнайы операция" бұлай болады деп ойламағанын айтты.

Белбасының ойынша, Ресей бастаған соғыс тым созылып кеткенге ұқсайды. Басында іс тез бітеді деп Путинге сеніп қалса керек. 

«Шынымды айтсам, арнайы операция бұлай ұзақ болады деп ойламаппын. Ресейліктер бәрі жоспарға сай жүріп жатыр деп отыр. Мен де соған сенгім келеді. Бірақ мәселенің түбіне жете алмадым. Меніңше, бұл операция ұзаққа созылып кеткен сыңайлы», - деді ол AP-ға берген сұхбатында.

Ресей Украинаға қарсы «арнайы операцияны» 24 ақпан күні бастаған. Содан бері екі айдан астам уақыт өтті. Орыс әскері Киев түбіндегі ұрыстан ештеңе шығара алмады. Кейін шегініп, қазір Украинаның шығысында әскери қимылдар жасап жатыр. Батыстың барлау қызметінің айтуынша, Ресей президенті Путин 9 мамыр – Жеңіс күніне дейін белгілі бір жеңіске жетеді не ресми түрде Украинаға соғыс ашып, әскери қимылды одан әрі жалғастыруы мүмкін.