Әлем
Владимир Путин Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровтың сөздері үшін кешірім сұрады. Бұл туралы Израиль премьер-министрі Нафтали Беннеттің кеңсесіндегілер Израиль премьері мен РФ президенті арасындағы телефон арқылы болған әңгімеде айтылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы gov.il сайтына сілтеме жасап.
«Олар Ресей сыртқы істер министрінің мәлімдемелерін талқылады. Путин премьер-министрден Лавровтың сөзі үшін кешірім сұрады, премьер оның кешірімін қабылдады. Премьер президенттің еврей халқына көзқарасы мен Холокостқа құрметі үшін алғыс айтты», - дейді премьер-министрдің кеңсесі.
Сондай-ақ олар Украинадағы жағдайды талқылаған, соның ішінде «Азовсталь» зауытынан эвакуациялау сөз болыпты.
Айта кетейік, бұған дейін РФ СІМ басшысы Сергей Лавров Италияның «Медиасет» телекомпаниясына берген сұхбатында мәлімдеме жасаған болатын. Онда шенеунік «қателесуім мүмкін, бірақ Гитлердің де қанында еврей қаны болған» деді.