Bugin

Ақтөбеде өз анасын өлтірді деген оқушыға қатысты жаңа мәлімет пайда болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақтөбеде өз анасын өлтірді деген күдікпен мектеп оқушысы қамауға алынды. 16 жастағы қызға қанды қылмыс жасауға колледж студенті көмектескен. Қазір екеуі де абақтыда отыр. Марқұмның көршілері қызы мен анасы күнде ұрысып, айқайласып жататын дейді, деп жазады Bugin.kz порталы «КТК» арнасына сілтеме жасап.

Қанды қылмыс болған пәтерді полицейлер мөрлеп қойған. Мұнда оқушы қыз анасымен тұрыпты. Көршілермен жақын араласпаған. Сондықтан күнде неге жанжалдасатынына мән бермек түгілі, аты-жөнін сұрап таныспаған көрінеді. Күдікті анасын қалай өлтіргенін ешкімге ашып айтпайды.

Тәртіп сақшылары 19 жастағы студент екеуіне қатысты қылмыстық іс қозғап, қамауға алдық деп отыр. Ал анасын өлтірген қыз 16 жасқа толғанымен кешкі мектептің бесінші сыныбын енді бітіргелі жатыр екен. Бұрын бастауышты оқып сабағын тастап кеткен. Тек былтыр ғана партаға қайта отырыпты. Сабақ үлгерімі нашар болғанымен, тәртібіне тағар мініміз болмады дейді мұғалімдері.

«Қызымыз бесінші сынып оқушысы. Тәртібі жақсы. Ата-анасы дегенде, аз қамтылған, толық емес отбасы. Анасымен бірге тұрды. Оқу үлгерімі шамалы қиындау болды», - дейді педагог-психолог Аида Жүсіпова.