Әлем

«Балалар көп»: Украинада қаза тапқан бейбіт тұрғындардың саны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украинадағы қарулы қақтығыстың басталғанына екі айдан астам уақыт өтті. БҰҰ ақпарына сай осы уақыт аралығында 3280 адам қаза болып, тағы 3,5 мың тұрғын жарақат алған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Бұл сан күн өткен сайын артып барады. Мерт болғандардың арасында балалар көп. Ұйымның адам құқығы жөніндегі өкілі қаза болғандардың саны ресми мәлімдемеге қарағанда әлдеқайда артық болуы мүмкін дейді. Мәселен, кей өңірлермен байланыс болмағандықтан ақпарат алмасу қиынға соғып отыр.

Одан бөлек із-түзсіз жоғалған 180-нен астам адамның тағдыры беймәлім. Олардың арасында билік өкілдері, журналистер мен қоғам белсенділері де бар.

«Украинадағы жағдай ушығып барады. Әуе шабуылдарынан қаза тапқан және жарақат алғандардың саны көбейіп жатыр. Шын мәнінде, олардың саны ресми деректерге қарағанда әлдеқайда көп болуы мүмкін. Зорлық-зомбылықпен кепілге түскендерді іздестіріп жатырмыз. Олардың арасында тілшілер, әскери қызметкерлер мен билік өкілдері бар. Жуырда 180 адамның бесеуі көз жұмғанын білдік», - деді БҰҰ адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары Мишель Бачелет.