БІЛІМ

«20 миллион теңге»: Өскеменде мұғалімдерге 5 теңге жалақы төленген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өскемендегі мектептердің бірінде мұғалімдерге белгіленген жалақыдан 50 пайызға төмен жалақы төленді. Кейбіріне тіпті 5 теңге ғана аударылған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, оқу орнының есепшісі есеп жүргізген. Тексеру барысында бұрын 20 миллион теңгеге дейін артық төлем жасалғандықтан, қызметкерлердің лауазымдық жалақыларынан қомақты сома ұсталғаны анықталды.

Ал мұғалімдер осы уақытқа дейін артық ақша алып келгенін білмеген болып шықты. Жұмыс беруші де оларға жалақы туралы мәлімет бермеген.

Қалалық білім бөлімінің экономистері мұғалімдер жалақысына егжей-тегжейлі қайта есептеулер жүргізіп, жанжалды соттың араласуынсыз шешуге уәде берді.

«5 теңге аударғандарына таңғалдым. Басшылыққа жүгіндім. Олар аудармағанын, қателік болғанын айтты», - дейді бастауыш сынып мұғалімі Ольга Шмидт.

Еңбек департаменті мамандары бұл бюджет қаражаты, кез келген жағдайда өз еркімен жалақысынан ұстап қалуға рұқсат беруі керек екенін айтты.

«Әрине, барлық соманы ұстамайды. 50 пайызға дейін ұстауға болады, болмаса сот арқылы шешіледі», - дейді Өскемен қалалық білім бөлімінің басшысы Сәуле Алагузова.