Bugin
«Bugin association» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Bugin ecology» жобасы аясында «Қазақфильм» киностудиясы алаңында 80 түп ағаш отырғызылды. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.
Іс-шараның ашылуында «Қазақфильм» АҚ басшысы Ақан Сатаев жылы лебізін және мұндай игі істің әрі қарай да жалғасын табатынына үлкен сенімін білдірді. Ұлттық кинематографияның ардагері, актер және режиссер Асанәлі Әшімов батасын берді.
Акцияға Азамат Сатыбалды, Меруерт Өтекешова, Болат Әбділманов, Жан Байжанбаев, Ерболат Тоғызақов, Әсел Сағатова, Альмира Тұрсын, Әділ Ахметов, Асқар Ілиясов, Қанат Бейсекеев, Қарлығаш Мұхамеджанова, Әнуар Нұрпейісов, Айдос Бектеміров, Рашид Нұғманов т.б. 80-ге жуық танымал актерлер мен режиссерлер қатысып, табиғаттың жаңа тыныс алуына өз үлестерін қосты.
Көгалдандыру үшін 10 түп емен, 10 түп үйеңкі, 10 түп мамыргүл, 10 түп павлония және 40 түп алма ағашы отырғызылды.