Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Bugin.kz порталы Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
- «Мемлекет басшысы «Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныптарын беру туралы» Жарлыққа қол қойды», - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысы қаулы етті:
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа генерал-полковник әскери атағы берілді;
Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовке 1-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі шені;
генерал-лейтенант әскери атағы: Серік Ізтілеуовке, төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге;
авиация генерал-лейтенанты әскери атағы Қарулы күштер әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы Нұрлан Кәрбеновке;
Ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты арнаулы атағы ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевқа;
полиция генерал-лейтенанты арнаулы атағы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевқа;
генерал-майор әскери атағы: Константин Юрьевич Воронкинге, Шайх-Хасан Сатарқұлұлы Жазықбаевқа, Сәкен Сауытбайұлы Жүсіповке, Марат Мұхаметқалиұлы Күлдіковке, Ибрагим Даукесұлы Күлшімбаевқа, Мұхтар Солтанбекұлы Сабидолдановқа, Сакентай Амантайұлы Шекербековке;
авиация генерал-майоры әскери атағы: Кунуров Руслан Зарлықұлына, Топаев Нұрболат Еркебайұлына;
Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы: Марат Мейірханұлы Әбділмановқа, Тамерлан Тельманұлы Жұмағалиевқа, Танат Рымбекұлы Жүнісовке, Рүстем Бикетұлы Неталиевке;
Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы: Аринов Шыңғыс Сайранұлына, Байбосынов Батырбек Бердібайұлына, Исабеков Сәкен Саинұлына;
полиция генерал-майоры арнаулы атағы: Әділов Санжар Аскенұлына, Арыстанов Атығай Газымбекұлына, Сұлтан Бектөре Жеңісбайұлына, Тайев Думан Ашкенұлына, Файзуллин Ерлан Жұмасейітұлына;
3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі шені: Ерлан Масғұтұлы Абаев, Марат Тілеуқабылұлы Әлиханов, Халидолла Зиноллаұлы Дәуешов, Ризабек Кәрімұлы Ожаров, Жандос Жәнібекұлы Өмірәлиев;
3-санатты жоғары біліктілік сыныбы: Ахметов Мұрат Жамбылұлы, Елемесов Жеңіс Фарахатұлы, Ерғарин Дәурен Тілекұлы, Жұмағали Асхат Жұмағалиұлы, Малахов Дмитрий Михайлович, Раисов Ұлан Ермұханұлы, Утеев Шаттик Тынымбайұлы, Шакенов Денис Владимирович, Элиманов Жанат Қалдыбекұлы.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61