Bugin

Лукашенко Батыс Украинаны Польшадан қорғауға уәде берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Польша мен басқа да Еуропа елдері Украинаны бірте-бірте «бөлшектеу» саясатын жалғастыра берсе, оның шекарасын орыстар, белорустар және украиндар бірлесіп қорғауға мәжбүр болады. Бұл туралы Беларусь президенті Александр Лукашенко мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Саясаткердің айтуынша, кейбір поляк саясаткерлері қазірдің өзінде «семсерлерін қайрап» Батыс Украинаны өз елінің бір бөлігі деп санайды. Ол ұзақ мерзімді перспективада бұл жерлер үшін Мәскеу, Киев және Минск соғысуы мүмкін деп болжаған.

- «Украинаның бөлшектенуі қазірдің өзінде менің басымда. Бұған Украинаның қазіргі басшылығының да шамасы келмейді (батыс облыстарды тапсыру)», - деп сендірді Лукашенко.