Әлем

Анжей Дуда: «Енді Украина мен Польша арасында шекара болмайды»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Польша президенті Анжей Дуда жақын арада Польша мен Украина арасында шекара қалмайтынын, екі ел халқы «осы жерде бірге өмір сүре алатынын» айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Eadaily басылымына сілтеме жасап.

Бұл тілегін Польша мемлекетінің басшысы 5 мамырда Варшавадағы Бельведер сарайында «ТВП Инфо» арнасы көрсеткен поляк диаспорасы күніне орай сөйлеген сөзінде айтты.

- «Польша мен Украина арасында енді шекара болмайды. Біз осы жерде бірге өмір сүрейік. Ортақ бақыт пен күшімізді бірге құрып, жерімізді қорғайық», - деді президент.

Дуда сонымен бірге поляктар бүгінде Украинаға «ресей агрессиясына» қарсы тұруға көмектесу үшін бәрін жасап жатқанын атап өтті.