Bugin

Ресей ядролық қару қолданудан бас тартты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей Федерациясы Украинаға қарсы ядролық қаруды қолдану мүмкіндігін жоққа шығарады. Мәскеу әлі де ядролық соғыста жеңімпаздар болмайды деген қағиданы ұстанады. Бұл туралы РФ СІМ Ақпарат және баспасөз департаменті директорының орынбасары Алексей Зайцев мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы УНИАН басылымына сілтеме жасап.

- «Біз кез келген жағдайға дайын болуымыз керек. Бізге Украинадағы арнайы әскери операция кезінде Ресейдің ядролық қару қолдануы мүмкін деген ақпараттарды бірнеше рет жоққа шығаруымызға тура келді. Бұл әдейі жасалған әрекет», - делінген хабарламада.

Сонымен бірге ол Мәскеудің ядролық соғыста жеңімпаз болуы мүмкін емес деген қағиданы берік ұстанатынын, сондықтан ондай қателікке жол бермеу керек екенін мәлімдеді.