Bugin
Ресей 9 мамыр күні Украинаға ресми түрде соғыс жариялауы мүмкін. Мұны АҚШ пен Украина Барлау қызметінің мәліметтерінен белгілі болды дейді Украинаның премьер-министрі Денис Шмыгаль.
«Қазір ресейдің жоғары билік шенеуніктері Украина ресми соғыс жариялаудың мән-жайын талқылап жатыр. Құпия қызметтің мәліметтері осылай дейді. Солай бола ма әлде жоқ па – оны уақыт көрсетер. Егер Ресей расымен соғыс жарияласа, онда бүкіл демократиялық құндылыққа, демократиялы елге соғыс жариялаған болып шықпақ», - деді Шмыгаль Варшавада өткен халықаралық конференцияда.
Оның айтуынша, Украина өз елін «басқыншылардан» толық азат етпейінше тоқтамайды.
«Серіктес елдің бәрі бізді қолдап отыр. Жеңіске деген қайратымыз мықты. Жеңерімізге сенімдімін», - деп толықтырды ойын Шмыгаль.