Әлем

Соғыстың соңын көріп отырған жоқпыз - Зеленский тағы үндеу жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина президенті Владимир Зеленский ұлыбританиялық Chatham Housе халықаралық қатынастар институтымен видеобайланыс кезінде соғыс аяқталғанын білдіретін белгілерді, Ресейдің соғыс қимылдарын тоқтатуға дайын екенін көріп отырмағанын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Голос Америки» басылымына сілтеме жасап.

«Бүгін – соғыс басталғанына 72 күн болды. Әзірше соғыс аяқталғанын көре алмай отырмыз. Ресей тарапынан соғысты аяқтау ниеті сезілмейді», - дейді Украина президенті.

Зеленскийдің сөзінше, Ресейдің Украинаға қарсы соғысын тоқтатуы туралы келіссөздерге алғашқы қадам - Ресей әскерінің Украина аумағынан кетуі болуы мүмкін.

«Украина мен Ресей арасындағы соғысты шабуылға дейінгі жағдайды қалпына келтіру арқылы тоқтата аламыз. Олар сол кезде қолданыста болған байланыс және демаркация шебіне шегініп, осы шептерден әскерді шығаруы керек. Сонда сөйлесуге болады. Олар да кетуі үшін бізбен сөйлесуі қажет», - дейді ол.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61