Әлем

Италияда Путинге тиесілі деп айтылған яхта тұтқындалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Италия билігі Марина ди Каррара портында тұрған «Шахерезада» суперяхтасын тұтқындады. Бұл кеме Ресей басшысы Владимир Путинге тиесілі деп айтылады, деп жазады Bugin.kz порталы Азаттық радиосына сілтеме жасап.

Италия билігінің мәліметінше, қаржы полициясының тергеу нәтижесінен кейін кеменің «Ресейдің жоғары лауазымды тұлғалары мен Еуроодақ санкциясына ілінген адамдармен» байланысты екені анықталған. Хабарламада кеменің нақты кімге тиесілі екені айтылмайды.

Тәуелсіз бағалаушылардың пікірінше, шамамен 700 млн доллар тұратын 140-метрлік кемеде бірнеше ай бойы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ол келесі жылдың басында аяқталуы тиіс болған. Ал New The York Times басылымының жазуынша, осы аптада яхта кеме жөндейтін орыннан кетіп, теңізге шығуға дайындалған. Алайда Италия билігі оны кемеге қатысты түпкілікті шешім шыққанға дейін порттан жібермеген.

Оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың жақтастары зерттеулерінде кеме Владимир Путинге тиесілі деген қорытынды жасаған. Италияның La Stampa басылымы кеме «Роснефть» компаниясының бұрынғы басшысы Эдуард Хуйданатовқа тиесілі деп жазған. Британдық Guardian басылымы дереккөзінің айтуынша, суперяхтаның шынайы иесін анықтау мүмкін емес, себебі ол көптеген компаниямен байланысты.