Спорт

Абрамович «Челси» клубын сатпақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Олигарх Роман Абрамович «Челси» футбол клубын 4 миллиард фунтқа сату туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы The Telegraph басылымы жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сүйенсек, түсім, нақты айтқанда 2,5 миллиард фунт Ресей мен Украина соғысында зардап шеккендерге қайырымдылыққа жұмсалмақ.

La Dodgers бейсбол командасының тең иесі және Eldridge Industries негізін қалаушы Тодд Боули консорциумның қоғамдық тұлғасы болуы мүмкін. Дегенмен «Челсидің» ең үлкен акциялар пакеті Clearlake Capital америкалық жеке инвестициялық компаниясына тиесілі болады.