Bugin

Жамбылда белгісіз біреулер полицейлерге шабуыл жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жамбыл облысында белгісіз ер адамдар полицейлерге шабуыл жасаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың мәліметінше, 2022 жылдың 7 мамырына қараған түні Шу аудандық полиция бөліміне белгісіз бір топ адам полицейлерге шабуыл жасағаны туралы хабарлама келіп түскен.

Патрульдік полиция қызметкерлері Шу қаласындағы вокзал маңында ВАЗ-21014 маркалы автокөлігін мемлекеттік нөмірі болмаған соң тоқтатқаны анықталды.

«Оқиғаның мән-жайы анықталған кезде автокөліктің жүргізушісі мен жолаушылары полицейлердің заңды талаптарына бағынбай, басқа таныс азаматтармен бірге билік өкілдеріне қарсылық көрсетті. Осы дерек бойынша Шу аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 380-бабы 1-бөлігі «Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану» бойынша соталды тергеуді бастады», - делінген хабарламада.

Полицейлер қазір заңсыз әрекетке қатысқандар анықталғанын, жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын айтты. Билік өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық қолданғандар ҚІЖК-нің 128-131-бабы бойынша ұсталған.

Соталды тергеп-тексерудің басқа да деректері тергеу мүддесіне сай жарияланбайтыны айтылды.

Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыз.