Bugin

Астанада отандық және ресейлік жұлдыздардың концерті өтетіндігі туралы ақпарат рас па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

8 мамыр күні «Барыс-Арена» сарайында отандық және ресейлік эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді деген ақпарат жалған болып шықты. Бұл туралы «MTEX management» басқарушы компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Компания астана тұрғындары мен қонақтарына әлеуметтік желілерде тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

«MTEX management» бұл шараның ұйымдастырушысы емес. Ондай шара өткізуді жоспарлап отырған жоқ және жалған ақпараттың таралуына жауап бермейді», - дейді компания.

Сонымен қатар mtexm.com сайты мен әлеуметтік желідегі @mtex_management парақшасында жарияланатын ресми ақпараттарға ғана сенуді сұрады.