Bugin

Орыс тілін Конституцияда қалдыруды талап еткен петиция пайда болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Петиция 8 мамыр күні сағат кешкі 22.00-де жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Петиция! Қазақстанның Конституциясында қазақ тілімен тең дәрежеде орыс тілінің мәртебесін қалдыруды талап етеміз!» - дейді хат авторы.

Петиция кеше түнде жарияланған. Княжнева Алекса Эдуардовна атты азаматтың жариялағаны жазылған.

«Жаңалықтар ресурсына аталмыш петиция туралы хабарлаңыз. Осылайша қоғамдық резонанс туғызып, билік назарын осы проблемаға бұра аламыз», - дейді ол.

Петицияда қарсы дауыс беруге де болады. Ол үшін «Я против петиций» деген батырманы басу керек. Петиция авторлары орыс тілін сақтап қалу бастамасын көтергенімен, «мен қарсымын» деген санаттағы азаматтардың саны көбейіп кеткен. 9 мамырдағы сағат 10.15 жағдай бойынша петицияны қолдап 503 адам дауыс берсе, қарсы шыққандардың саны 4431-ге жеткен.