Әлем
Ұлыбритания Украинадағы әрекеттеріне байланысты Ресей мен Беларуське қарсы жаңа санкциялар пакетін енгізетін болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
«Ұлыбритания бүгін Ресей мен Беларуське қарсы 1,7 миллиард фунт стерлинг саудасына әсер ететін жаңа санкциялар пакетін жариялады. Санкциялар импорттық баж салығын және экспортқа тыйым салуды көздейді, - делінген хабарламада.
Жаңа импорттық баждар 1,4 миллиард фунт стерлинг тауарларына, соның ішінде платина мен палладийге әсер етеді. Баж мөлшері - 35 пайыз.
Сондай-ақ экспортқа жоспарланған тыйым 250 миллион фунт тауарлар, соның ішінде химиялық заттар, пластмасса, резеңке және машина жабдықтарын қамтиды.
Айта кетейік, бұл - Ұлыбританияның Ресейге қарсы сауда санкцияларының үшінші пакеті. Жаңа санкциялар тиісті заңнамалық акт қабылданғаннан кейін күшіне енеді.