Әлем
НАТО Ресей мен Қытайды Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдермен жаңа әскери келісімдер арқылы қоршауды жоспарлап отыр. Бұл туралы мультиполярист журналисі Бенджамин Нортон жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Адырна» ұлттық порталына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Солтүстік Атлантикалық альянс Югославия, Ливия және Ауғанстанды жойып жіберсе, енді Мәскеу мен Бейжіңге көз тігіп отыр. АҚШ бастаған блок Украинаны қару-жарақпен толтырып, әсіресе оңшыл содырларды дайындады, деп атап өтті автор.
Нортон 6-7 сәуірде альянсқа мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің Брюссельде өткен кездесуінде НАТО-ға кірмейтін бірнеше еуропа елдерінің (Грузия, Финляндия және Швеция) өкілдері болғанын атап өтті. Сонымен қатар Жапония, Оңтүстік Корея, Австралия және Жаңа Зеландия шенеуніктері де болған.
«АҚШ қырғи-қабақ соғысты ушықтырады. Сондықтан Солтүстік Атлантикалық альянс осы Азия-Тынық мұхиты державаларымен әскери ынтымақтастығын тереңдетіп жатыр», - дейді бақылаушы.