Bugin
Бүгін елордада Жеңіс күні мерекесіне арналған отшашу болады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Фейерверк сағат 22:00-де Есіл өзенінің жағалауынан басталады.
«Салют ұзақтығы 10-12 минутты құрайды, ал атыс саны кемінде 3 мың», - делінген ақпаратта.
Мәлімем бойынша, Жеңістің 77 жылдығына арналған отшашу демеушілер қаржысына ұйымдастырылып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет басқармасы 7 және 9 мамыр күндері мерекелік отшашу өткізілмейтінін айтқан болатын.