Денсаулық
Көзге күтім
Көзге инфекция тез түседі әрі тез жарақаттанады. Сондықтан да оған аса қатты күтім көрсету керек.
Күннен қорғайтын көзілдірік – тек қана сәнді аксессуар емес. Олар көзіңізді ультракүлгін сәулелерден көзіңізді қорғайды. Сонымен қатар көз айналасындағы әжімдерді болдырмайды.
Бұл кеңес өте қарапайым, алайда өте маңызды. Көзіңізді ұстар алдында міндетті түрде қолыңызды жуыңыз, өйткені қолдың микробтары жұғады. Кейін ол қабынуға әкеліп соғады. Көзге арналған макияжда аса қауіпті. Бояу жағарда өте сақ болу керек.
Офтальмологтардың айтуы бойынша, диетаның көз денсаулығында алар орны ерекше. Бұл ретте сәбіз аздық етеді. Сондай-ақ шпинат, қырыққабат сынды көкөністерді жиі жеу керек.
Егер сіз үнемі компьютер, планшет немесе смартфон алдында ұзақ отырсаңыз, онда сіздің көзіңізге тигізген әсерінен басыңыз ауырып, тітіргендіргіш болуы мүмкін. Компьтермен жұмыс жасап болған соң көзге арналған жаттығулар жасау қажет.