Әлем

Байден Украинаға көмегі тиетін жаңа заңға қол қойды (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Америка Құрама Штаттарының президенті Джо Байден Украинадағы ленд-лиз және демократияны қорғау туралы S. 3522 заңына қол қойды. Ол мұны тікелей эфирде жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы УНИАН басылымына сілтеме жасап.

- «Кеттік. Дайын!», - деді Джо Байден Украинаға қару-жарақ жеткізу туралы заңға қол қойып.

Заң АҚШ-қа Ресей Федерациясының агрессиясынан қорғау үшін Украинаға жедел қару-жарақ беруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Украина қаржылық көмекті бұрынғыдан әлдеқайда үлкен көлемде алатын болады.

- «Украиналықтар күн сайын өз өмірі үшін күресуде. Шайқас құны арзан емес, бірақ агрессияға көну одан да қымбат», - деді АҚШ президенті.