Bugin
Ресей президенті Владимир Путиннің 9 мамырда Мәскеудегі әскери парадта сөйлеген сөзі оның Украинадағы жеңісін жариялауға еш негіз жоқ екенін көрсетті. Бұл туралы АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Линда Томас-Гринфилд мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы CNN сайтына сілтеме жасап.
- «Оның Украинадағы әрекеттері сәтсіз болды. Ол бірнеше күннің ішінде украиндарды тізе бүктіріп, оларды берілуге мәжбүрлей алмады», - деді дипломат.
Сонымен бірге, Томас-Гринфилд өз сөзінде Путин Ресей әскерлерінің Украинадан шығарылғанын және Украина билігімен келісімге келгенін жарияламағанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл соғыс ұзаққа созылып, тағы бірнеше ай болуы мүмкін екенін көрсетеді.