Bugin

Путиннің ең үлкен қателігі қандай? - Франция СІМ айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей президенті Владимир Путин Украинаға шабуыл жасау арқылы төрт стратегиялық қателік жіберді. Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан Мәскеу Киевті төмен бағалады деп санайды. Бұл туралы Bugin.kz порталы BFM TV-ге сілтеме жасап хабарлайды.

- «Бірінші қателік - Украина тез құлайды деп болжау. Керісінше, Ресейдің шабуылы украин халқының бірлігін нығайтты», - деді француз дипломаты.

Сонымен бірге ол Путиннің екінші қателігі Еуропаның Украинаны қолдамайды деген ойы екенін, бірақ соғыс еуропалықтарды жедел шешімге көшуге мәжбүр еткенін атап өтті.

Оның айтуынша, Ресей Федерациясының президенті де НАТО ішінде бірлік жоқ деп есептеген. Сонымен қатар Ресей армиясының күші мен мүмкіндігін асыра бағалаған.