Әлем
Украина президенті Киевтегі Крещатик көшесінде Жеңіс күніне арналған үндеуін жариялады. Владимир Зеленский бейнежолдауын Телеканал Дом Youtube арнасы арқылы жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
— «Біз балаларымыздың бостандығы үшін күресіп жатырмыз, сондықтан біз жеңеміз. Сегіз миллионнан астам украиндықтар қаза тапқан екінші дүниежүзілік соғыста ата-бабаларымыздың не істегенін біз ешқашан ұмытпаймыз. Жақында Украинада жеңіс күні екі рет атап өтілетін болады. Ал біреулердің бір де бір жеңіс күні болмайды. — Бүгін біз соғысып жатырмыз және өз жеріміздің бір жапырағын да ешкімге бермейміз. Бүгін біз нацизмді жеңген күнді тойлап жатырмыз және ешкімге тарихымыздың бір үзігін де бермейміз. Біз басқа халықтармен бірге антигитлерлік коалицияның құрамында нацизмді жеңген ата-бабаларымызды мақтан тұтамыз. Біз бұл жеңісті ешкімнің аннексиялауына, иеленуіне жол бермейміз», – деді Зеленский.