Әлем

Украинаның тұңғыш президенті өмірден өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украинаның бірінші президенті Леонид Кравчук қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы УНИАН басылымына сілтеме жасап. 

2021 жылы 29 маусымда Украинаның бірінші президенті жүрегіне операция жасауына байланысты Конституция күніне орай Жоғарғы Раданың салтанатты отырысына қатыспады. Операциядан кейін үшжақты байланыс тобының басшысы жансақтау бөліміне жатқызылып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылды.

Шілде айында БАҚ Леонид Кравчуктың бір ай бойы жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады.

Леонид Кравчук тәуелсіз Украинаның тұңғыш президенті болды. Өткен аптада қайтыс болған тәуелсіз Беларусьтің бірінші басшысы Станислав Шушкевич және Ресей президенті Борис Ельцинмен бірге Кравчук КСРО-ның тіршілігін тоқтатқан Беловеж келісіміне қол қоюға қатысты.

2020 жылдың шілдесінде Леонид Кравчук Донбас бойынша үшжақты байланыс тобына Украина делегациясын басқарды. Ол бұл қызметте Украинаның екінші президенті Леонид Кучманы ауыстырды. Қаңтарда Кравчук 88 жасқа толған еді.