Министр Бағдат Мусин Ердоғанды таң қалдырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияда Қазақстан үкіметінің барлық дерлік құрамымен бірге жүр. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинмен кездескен кезде оның келбетіне таң қалып, Мусиннің жасын сұраған. Министр Мусин оған түрік тілінде жауап берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Анкарадағы президенттік сарайда ресми құжаттарға қол қойғаннан кейін Бағдат Мусин Ердоғанмен не туралы сөйлескенін айтып берді.

– «Жасымның нешеде екенін сұрады. Президентіміз түрік тілін біледі деп пікір білдірді. Бұл туралы да айттық. Мен білемін, сөйлеп тұрмын дедім. Түрі тым жас деді. Жасымды айтсам, ол таң қалды», – деп жауап берді Мусин.

Айта кетейік, Бағдат Мусин 39 жаста. Ол 2020 жылдың қыркүйегінен бері министр қызметін атқарып келеді.

Анкарада Түркияның индустрия және технология министрі Мұстафа Варанкпен бірге ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Еске салсақ, Тоқаев Түркия президенті Ердоғанмен кездесті.

– «Анкарадағы Президент сарайында Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті. Мәртебелі мейманның құрметіне құрметті қарауыл сап түзеді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайып Ердоған мінберге көтерілді. Қазақстан мен Түркияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Екі елдің көшбасшылары құрметті қарауыл сапын айналып өтіп, ресми делегация мүшелерін бір-бірімен таныстырды» – делінген хабарламада.

Бұдан кейін мемлекет басшыларының шағын құрамдағы кездесуі басталды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61