Bugin
Илон Маск әлеуметтік желіні сатып алу туралы келісім аяқталғаннан кейін АҚШ экс-президенті Дональд Трамптың Twitter-дегі аккаунтын бұғаттау туралы шешімді жоюға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы CNBC-ге сілтеме жасап.
Маск Дональд Трамптың аккаунтын бұғаттау дұрыс емес деп мәлімдеді.
- «Бұл қате деп ойлаймын, өйткені бұл ел тұрғындарының көп бөлігін жирендіріп жіберді және Дональд Трамптың дауыс беру құқығынан айырылуына әкелмеді», - деді Илон Маск.
Ол, сонымен қатар, өмір бойы тыйым салу өте сирек болуы керегін және бұл шара тек боттар, алаяқтар және спам-аккаунттар үшін қажет екенін атап өтті.