Bugin
Әлеуметтік желілерде Қазақстанның ЕАЭО Кеден Одағынан шығу туралы бастама көтергені жайлы тараған ақпаратқа қатысты ҚР Сауда және интеграция министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
Желідегі ақпаратқа сүйенсек, бұған «Қазақстан мен Ресей арасындағы шешілмеген келіспеушіліктер» себеп болған. Бірақ министрлік бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Қазақстанның жоспары» туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ таратылған хабарламада Қазақстан ЕАЭО-дан шығуды жоспарлап отыр деп мәлімдеген автор өзінің дереккөзіне сүйенген. Бұл – фейк ақпараттың белгілерінің бірі, өйткені дереккөзді анықтау және оны тексеру мүмкін емес.
Ресми порталдарда және БАҚ-та Қазақстанның ЕАЭО-дан шығу жөніндегі жоспары туралы ақпарат жоқ.