Woman
Саясатта егер бірдеңе айтар болсаң, ер адамнан сұра, істегің келсе, әйелден сұра
Ұлыбританияның бірінші әйел премьер-министрі Маргарет Тэтчердің осы сөздерінен-ақ қандай адам болғанын білуге болады. Ол елді басқаруда мықты басшы, өз-өзіне сенімді, батыл жауапкершілі мол жан болған. Маргарет Тэтчер туралы өте қызықты деректерге тоқталайық:
1. Темір ханым
«Темір Ханым» атағын оған 1976 жылы журналист Юрий Гаврилов берді. Бұл атау оған кәсіби қатаңдығы үшін берілген
2. 1925 жылы 13 қазанда Грэнтемде дүниеге келді (Линкольншир, Англия). Оның нақты аты-Маргарет Хильда Робертс. Әкесі-Альфред Робертс, анасы-Беатрис Этель Робертс.
3. Саяси мансап
Ол 1959 жылы Финчлиде парламент мүшесі ретінде өзінің саяси мансабын бастады, ал 1975 жылы Консервативті партияның көшбасшысы болды және 1979 жылы елдің премьер-министрі болып сайланды. 11 жыл бойы осы қызметте болып, британ тарихында рекорд жасады.
4. Арықтауға арналған ерекше диете
Маргарет Тэтчер туралы тағы бір қызықты факт оның диетасымен байланысты, оның күнделігінде ерекше диета жазылған екен. Айтуынша , екі апта ішінде 10 кг тастау мүмкін. Диета уақытында таңертең грейпфрут, қара кофе ал, түскі асқа жұмыртқа мен қызанақ болса, кешкі асқа стейк, қияр, кофе, зәйтүн пайдаланған
5. Жақсы аспаз
Ол отбасы үшін тамақты өзі дайындаған және ешқашан аспазшы жалдамаған. Тіпті кейде Министрлер кабинетінде де тамақ жасаған.
6. Бірнеше сағат ұйықтаған
4 сағат ұйықтап тұрғаннан соң да жұмысты нәтижелі жасаған оның бойындағы энергия күні бойы тынымсыз еңбек етуге жеткен екен.
7. Маргарет Тэтчер туралы тағы бір қызықты факт – Даунинг-Стриттегі ең қауіпсіз орын оның әмияны болған.
Тарихта әйел затының қаншалықты мықты, еңбекқор, шыдамды екенін дәлелдеп кеткен Маргарет Тэтчердің біз бен сіз білмейтін қасиеттері қаншама. Өскелең ұрпаққа өнеге болатын тұлғалар тарихта мәңгі қалары сөзсіз.