Bugin
«Ақ жол» фракциясының депутаттары онлайн кредит беруге тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Мәжіліс депутаты Дәния Еспаева жыл сайын микроқаржы ұйымдарында проблемалық қарыздар үлесі артып келетінін айтты. Оның айтуынша, микроқаржы ұйымдарының портфеліндегі проблемалық қарыздар көлемі 914 мыңды немесе жартысынан астамын құрайды.
«Банкроттық – мәселенің салдары екенін есте ұстаған жөн, ал оның себебі басқада жатыр. Халық табысының төмен болуы, пайыздық мөлшерлемелердің шамадан тыс жоғары болуы және жеке тұлғаларға несиенің тым қолжетімді болуы банкроттыққа әкеп соғады. Халықтың негізгі бөлігінің табысының төмендігі оларды баспананы жалға алу, балаларды оқыту, басқа банкте ай сайын несие төлеу, азық-түлік және басқа да қажеттіліктер үшін онлайн-қарыз алуға мәжбүр етеді. Кепілсіз қарыз тез және табыс деңгейін ескермей берілуі, жоғары пайыздық мөлшерлеме түріндегі сын-қатер халықтың жаппай кредиттелуіне ықпал етеді», - дейді Еспаева.
Осыған мәселеге қатысты «Ақ жол» фракциясының депутаттары халықты орынсыз қарызға батыру және осы саладағы алаяқтықтың маңызды факторы ретінде онлайн кредит беруге тыйым салуды ұсынды.