Bugin

Кәрім Мәсімовтың қамауда отыратын уақыты тағы да ұзартылды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның үш орынбасарының қамауда отыру уақыты тағы да ұзартылды.

Қамау уақыты мамыр айына дейін белгіленген Кәрім Мәсімовтің арест уақыты тағы бір айға ұзартылды. Бұрынғы орынбасары Ануар Садықұлы екеуі 6 маусымға дейін қамауда болмақ.

Тағы бір орынбасары Дәулет Ерғожин 13 маусымға дейін, үшінші орынбасары Марат Осипов 22 мамырға дейін қамауда отырмақ.

Ұлттық Қауіпсіздің комитетінің деректеріне сенсек, Кәрім Мәсімовке $2 млн доллар пара алды әрі «қаңтар оқиғасында» мемлекеттік төңкеріс жасауға ұмтылды деген айып тағылып отыр.