Bugin

АҚШ-та ұшқыш есінен танып қалып, жолаушы ұшақты өзі басқарды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ-та ұшқышы есінен танып қалған жолаушы ұшақты жалғыз өзі қондырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

АҚШ федералды авиация басқармасы Багам аралдарының халықаралық әуежайынан Флоридаға бағыт алған Cessna ұшағының бортында болған оқиғаны тергеп жатыр.

Ведомство мәлімдемесінде екі жолаушы бір моторлы Cessna бортында болғандығы айтылған. Межелі жерден солтүстікке қарай 112 шақырым жерде ұшқыш есінен танып қалды. Содан кейін жолаушы жағдай туралы дереу әуе диспетчеріне хабарлады және ол оған ұшақтың қонуы туралы нұсқаулар бере бастаған.

- «Мұнда шұғыл жағдай. Ұшқыш есінен танып қалды, мен ұшақты қалай басқаруды білмеймін», - деді жолаушы.

Әуе қозғалысының диспетчері Роберт Морган жолаушыға ұшақты тұрақты ұстау және түсуді бастау туралы нұсқау берді.

- «Қанаттарды бір деңгейде ұстауға тырысыңыз және төменге түсуді жоспарлап көріңіз», - деді контроллер БАҚ алған аудиожазбада.

Нәтижесінде ұшақ Флоридадағы Палм-Бич халықаралық әуежайына аман-есен қонды. Есінен танып қалған ұшқыш ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ АҚШ федералдық авиациялық басқармасының өкілі оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын растап, командирдің денсаулығында ақау бар екенін айтқанымен, оның жағдайы туралы толық мәлімет бермеген.