Bugin
Ресей басқыншылары уақытша басып алынған Херсондағы көшелердің ЛДПР жетекшісі болған Владимир Жириновскийдің есімін беруді жоспарлап отырғанын айтты. Осы орайда, көзі тірісінде Украинаны талқандауды үндеген Жириновскийді Херсонға қайта жерлеу ұсынылды. Бұл туралы украиндық журналист Роман Цымбалюк Youtube арнасында айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ол мұндай идеяның қала тұрғындарына неліктен «ұнайтынын» түсіндірді.
Херсонда орыс басқыншылары ашқан «Херсон және Запорожье – 24» телеарнасы Херсон көшелерінің біріне Владимир Жириновскийдің есімін беру бастамасын жариялады. Ол Жириновскийдің Украинаға зымырандық соққы беруді қолдаушы екеніне ғана назар аударды.
- «Бірақ Жириновский ең ақылды болып шықты - ол майданнан бірінші болып қашып кетті. Ол орыстарды соғысқа шақырып, тұп-тура екі метр жерге шегінді», - деді мысқылдап журналист.
Оның айтуынша, ресейліктер басып алынған жерге қоныстану үшін оккультивті тәжірибеге үміттене алады.
- «Осыдан кейін депутаттар осында келіп, украиналықтарды жеңгендей кейіп танытады», - деп түйіндеді Цымбалюк.