Bugin
Бортында жолаушылары бар ұшақ Қытайдың оңтүстік-батысында ұшу-қону жолағынан шығып, өртеніп кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға бейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 8:00 шамасында орын алды. Қытайдың Tibet Airlines компаниясына тиесілі, 122 адам мінген A319 ұшағы Чунцин халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, өртеніп кеткен.
Әуе компаниясының мәлімдемесінде борттағы 113 жолаушы мен 9 экипаж мүшесінің арасында қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Алайда, агенттік дереккөздерінің мәліметінше, 40-тан астам адам зардап шекті, олар ауруханаға жеткізілді. Апаттың себептері әзірге белгісіз.
Сонымен қатар, оқиға салдарынан әуежай ұшу-қону жолағын жауып, рейстер кейінге шегерілді. Сонымен бірге қонуы тиіс ұшақтар Чэнду Шуанлю әуежайына қайта бағытталды.
Tibet Airlines TV9833/A319/B-6425 from Chongqing to Nyingchi was on fire during take-off this morning, details still not known. CKG/ZUCK closed for now. pic.twitter.com/CPL47fmfVk
— FATIII Aviation (@FATIIIAviation) May 12, 2022