Спорт
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comКәсіпөой боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль Канело Альварес (57-2-2, 39 КО) арасындағы үшінші жекпе-жек биыл желтоқсанда өтуі мүмкін. Мұндай пікірді GGG-дің бұрынғы қарсыласы америкалық боксшы Кертис Стивенс айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
- «Біз үшінші жекпе-жекті көргіміз келеді. Бірінші кездесуде тең нәтиже тіркелді, дұрыс па? Екінші жекпе-жекте Канелоның мерейі үстем болды. Енді үшінші кездесу өтуі керек. Қыркүйекте Альварес Биволмен жолығады. Сосын желтоқсанда ол Головкинмен кездесуі керек», - деді Стивенс FightHype.com порталына берген сұхбатында.