Қоғам
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов әйелдердің зейнет жасын қысқарту мәселесі Әлеуметтік кодекс аясында талқыланатыны туралы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Зейнет жасын қысқарту керектігін көтеріп жүрген санаттар өте көп. Бұл мәселе талқыланады. Өйткені бұл оңай мәселе емес. Халықаралық тәжірибені ескеріп отырмыз. Ол жерде зейнет жасын төмендету туралы мәселе қарастырылмаған. Бұл тақырыпты шахтерлер ғана көтеріп отырған жоқ. Мүгедектігі бар балалардың аналары да аталмыш мәселені көтеріп жүр», - дейді Тоғжанов.
Сонымен қатар премьер-министрдің орынбасары жыл соңына қарай Әлеуметтік кодекс қабылданатынын еске салды.
«Әлеуметтік кодекс жыл аяғына қарай қабылданады. Оған дейін бірнеше талқылау болады. Әйелдердің зейнет жасы қазір 60 жас мөлшерінде. 2027 жылға дейін осы қалыппен ұзарады. Сондықтан күн тәртібінде бұл мәселе тұр», - дейді ол.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61