Bugin

Ақорда мобилографпен жұмыс істей ме?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Президенттің баспасөз қызметі Мемлекет басшысын фото және видеоға түсіретін мамандар туралы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Президенттің жеке фотографы – Аман Дүйсенбаев, 34 жаста. Ол 2007 жылдан бастап Парламент Сенатын басқарған Қасым-Жомарт Тоқаевпен жұмыс істейді», - делінген «Борт №1» Telegram-каналында.

Екінші фотограф – Ғани Өмірбеков, 34 жаста. Үш жылдан бері мемлекет басшысының баспасөз қызметінде жұмыс істейді.

«Әлеуметтік желіде жарияланатын видеоға 28 жастағы мобилограф Ғабиден Құрышбеков жауап береді. Ол команда құрамына жақында кірді», - дейді президенттің баспасөз қызметі.