Әлем

Германия мен Франция президенті Путиннің сөзінен жақсы ниет байқады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Германия мен Франция президенттері Владимир Путиннің Жеңіс күні сөйлеген сөзінде Украинадағы соғысты әрі қарай ауқымды ете түсу және басқа елдерге соғыс ашу туралы мәлімдеме жасамағанын айтты. Бұл туралы «Голос Америки» басылымы жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Германия канцлері Олаф Шольц журналистерге берген сұхбатында Путиннің сөйлеген сөзінде эскалация болмағанын атап өтті (ред. эскалация – халықаралық жанжалдардың өршуі).

«Украинада шын мәнінде не болып жатқанын біз алдағы бірнеше күннің немесе аптаның ішінде көреміз», - дейді Шольц.

Франция Президенті Эммануэль Макрон да осындай пікір білдірді. Оның айтуынша, дипломатиялық тұрғыда қарым-қатынас орнатып жатқандағы мақсаты Украинадағы соғысты тоқтату болып қала бермек.

«Бүгінде географиялық тұрғыда және қару қолданудағы шиеленіс байқалып жатқан жоқ. Алайда бұл жеткіліксіз. Біз бастапқы мақсатымызды жүзеге асыруға жұмыс істейміз. Ол – соғысты тоқтатып, Украинаға келіссөздер жүргізуге көмектесу еді. Біз Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдаймыз», - дейді Макрон.