Bugin
Шымкент қаласында мемлекеттік қызметкерлер төбелесіп, бірі ес-түссіз күйде ауруханаға түсті. Бұл туралы otyrar.kz сайты жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ер адамдар арасындағы жанжал мереке күндері болған. Демалыс орнының алдында сөзге келген олардың әрекеттері видеокамераға түсіп қалып, кейін әлеуметтік желіде тарап кетті.
«Белгілі болғандай алдымен Экономкалық тергеу департаментінің қызметкері жұдырық жұмсаған. Бірақ соңында таяқ жеп, қазір қаладағы №1 ауруханада ес-түссіз жатқанын денсаулық сақтау басқармасы растады», - делінген хабарламада.