Bugin
Әйелдердің зейнет жасын төмендету мәселесі күн тәртібінде тұр. Кейбір мамандық иелері мен мүгедек жандардың зейнет жасы төмендетілуі мүмкін. Осылай дейді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.
«Қазір зейнетке шығу жасын төмендету мәселесін талқылап жатырмыз. Шынымды айтсам, бұл – қиын мәселе. Бұл жерде біз халықаралық тәжірибені ескереміз. Жалпы алғанда халықаралық тәжірибені алып қарасақ, зейнет жасын төмендемеген. Қазір сіз айтып отырған мәселені тек кеншілер емес, мүгедек балалы аналар да көтеруде. Сондықтан біз жыл соңына дейін әлеуметтік кодексте барынша талқыға саламыз», - деді Үкімет кулуарында ол.
Айтуынша, әлеуметтік кодекс жыл аяғына қарай қабылданады.
«Оған дейін бірнеше талқылау жүреді. Әйелдердің зейнет жасы қазір 60 жас мөлшерінде. 2027 жылға дейін осы қалыппен ұзарады. Сондықтан күн тәртібінде бұл мәселе тұр», - деді Ералы Тоғжанов.