Bugin

Қазақстан мықты әскери дрондар өндірмек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан мен Түркия кеше, 11 мамыр күні, Anka-S атты дронды қазақ жерінде өндіру бойынша келісімге келген еді. Ал «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ басшысы Теміржен Әбдірахмановтың айтуынша, түріктің бұл дрондары бүкіл дрондардың ішінде ең мықтысы саналады екен.

«10 мамырда Анкарада «Kazakhstan Engineering» ҰК» АҚ мен «Turkish Aerospace» арасында әскери-техникалық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қазақстан Қорғаныс министрлігі таңдап алған бұл Anka-S дроны өз санатында ең мықты аппарат саналады. 350 келіге дейін жүк көтереді. Ал атақты Байрақтар 150 келіге дейін ғана көтере алады. Қытайдың Wing Loong дроны болса, 200 келі көтереді», - дейді Теміржен Әбдірахманов.

Сондай-ақ Байрақтар 8200 метрге дейін көтеріле алса, Anka-S дроны 9144 метр биіктікке дейін көтеріле алады екен. Ал қытай дроны 5300 метрге дейін көтеріледі.

«Қазақстан Инжиниринг» компаниясы дронды жинауға жақында кіріспек. Өндіру төрт жылдай уақыт кетеді. Ал Қазақстан Қарулы күштерін қамтуға бір жыл уақыт керек. Қазір өндіріс кезеңдері пысықталып жатыр. Дронды жасаудың негізі компоненттерін, кабель өнімін, жинау мен оған техникалық қолдау көрсету, борт қондырғыларын жасау, оптикасын жинақтау – осының бәрін қазақстандық компания жүзеге асырады», - деп түсіндірді компания басшысы.

Сондай-ақ бұл дрондары төтенше жағдай кезінде, ауыл шаруашылық жұмыстарына да қолдануға болады.