Bugin
Егер әлем Ресей президенті Владимир Путинді тоқтата алмаса, ол Украинаға қарсы ядролық қару қолдануы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық демократия қорының президенті және бас директоры Дэймон Уилсон айтты, хабарлайды Bugin.kz порталы Апостроф басылымына сілтеме жасап.
Путинді бағаламауға болмайтынын соңғы оқиғалар көрсетіп отыр.
- «Біз мұны түсінуіміз керек. Көптеген украиндықтар оның Украинаға шабуыл жасайтынына сенбеді. Бірақ, ол соғыс ашты. Бір жағынан, ресейліктер ядролық қаруды Батысты қорқыту, Украинаға батыстық көмекті тоқтату үшін қолданғысы келеді. Бірақ ушығудан аулақ болудың жалғыз жолы-күш көрсету және Украинаға бұл соғысты тоқтатуға көмектесу. Біз тактикалық ядролық қаруды қолданудың алдын алуға тырысуымыз қажет. Бұл соғысты тоқтатуымыз керек», - деді дипломат.
Америкалық сарапшы қазіргі уақытты қауіпті деп бағалайды.
- «Ешкім Украинаның ядролық қарудан зардап шеккенін қаламайды. Бірақ Ресей Украинаға қатысты ниетінен бас тартпаса, бәрі мүмкін екенін білеміз», - деп түйіндеді ол.