Bugin

Қаңтар оқиғасы: генерал Күдебаев күдікті деп танылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 370-бабы 4-бөлігі 1-тармағы «Ауыр зардаптарға алып келген қызметтегi әрекетсiздiк» бойынша тіркеліп, Серік Мырзақұлұлы Күдебаев күдікті деп танылған облыстық ПД лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі тергеу жалғасып жатқанын хабарлаймыз», - дейді Бас прокуратура өкілдері.

ҚІЖК-ның 201-бабына сәйкес соталды тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды.

«Соған байланысты қойылған сұрақтарға толық жауап беру мүмкін емес», - дейді ведомство.

Айта кетейік, сәуірдің басында әлеуметтік желілерде Күдебаевтың қаңтар оқиғасына қатысты қылмыстық іске қатысы бар деген ақпарат тараған болатын.