Bugin
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде бұрынғы премьер-министр Асқар Маминге қатысты қылмыстық іс қозғалған жоқ. Бұл туралы агенттік төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов мәлім етті.
«Бастапқыда барлық атышулы істерді айтып өткен едік. Бірден айтайын, Асқар Маминге қатысты қазіргі уақытта біздің агенттікте қылмыстық іс жүргізіліп жатқан жоқ», - деді Сарқұлов.
Еске салайық, қаңтар оқиғасынан кейін Асқар Мамин Үкімет басшысы лауазымынан босатылып, оның орнына Әлихан Смайылов тағайындалды.