Әлем

Зеленский Ресейдің территориясына қатысты мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қырым Ресейдікі емес, Донбас пен Луганскі автономиялы елдері Ресейдің құрамында емес. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Интерфакс сайтына сілтеме жасап.

«Біз Қырымның Ресей Федерациясының құрамында екенін ешқашан мойындамаймыз. Қазір соғыс болып жатыр. Адамдардың өмірі қыл үстінде. Егер бұл мәселе келіссөз үдерісін, Украина мен Ресей президенттерінің кездесуін қиындататын болса, онда оны кейінге қалдырайық», - деді Зеленский.

Оның айтуынша, Түркияда өткен келіссөздер барысында Киев делегациясы Қырым мәселесін он жыл ішінде шешуді ұсынды. Алайда жауап айтылмаған.

Сонымен қатар Зеленский Украина Донецк және Луганск халық республикаларының дербестігін мойындамайтынын да айтып өтті.